Еңбек ету-ұлы іс. Мамандық өзіңе сай болу керек «Біз бәріміз де нені қолданамыз, қайда тұрамыз, не ішеміз, не жейміз – бәрі де адам қолымен жасалған. Біздің прогресстік заманда мамандық таңдау және еңбек ете білу, жетістіктерге жету үшін мықты мінездің болғаны жөн.
Кейбіреулер бала кезінен бастап кей бір мамандықтың иесі болсам деп армандайды. Біреулер өз ісін тауып та жатады ересек өмірде.
Мамандық таңдау оңай іс емес, өйткені ол сенің барлық өміріңде сүйікті ісің болу керек, сонда ғана жаның жай табады, ісіңнен жақсы нәтиже шығады
«Сенің өмір жолың» дөңгелек үстел іс-шарасында, өткен аптада жоғарғы сыныптарда өткен іс-шара. Балаларға әр түрлі жұмысты орындау тапсырмалары берілді. Олар әр түрлі сұрақтардың шешімін іздестірді, өз болашағына тиісті, сән туралы да сұрақтар көтерілді, ұмыт болған, ержүректікті талап ететін мамандық туралы сөз болды. «Мынау кімнің таңдауы»деген проблемалы сұрақтар, жағдайлар қарастырылды. «Адамның суретін сал» атты геометриялық фигуралар тестін шешті, мақал – мәтелдер жинады, «Сөйлемді аяқта» атты викторина өткізілді. Біраз жылдан кейін балаларға өз өмір жолдарын таңдау керек болады.
Бұл жолды өткелден бастайды, өткел 3 емес ертегідегідей, ол 50 тараптан тұрады. Біздің заманымызда мамандықтар түрі көп. Қателесуге жол жоқ. Бұл таңдаудан сенің болашағың қандай болары: материалдық жағдайың, қарым - қатынас шеңбері, өміріңнің мәнділігі, өмірлік бақытың бәрі де дұрыс таңдау жасауыңа мүделі.
Савченко Н.А