Ақырғы қоңырау – жаңа өмір кезеңінің басталуы, зерттелмеген және ересек өмір әлеміне еліктіретін болашақ. Бұл мереке қатысулар үшін жарқын және қызықты естелік, туған мектебіндегі қуанышты күндер.
25 мамыр күні біздің мектебімізде салтанатты іс-шара өтті мектеп директоры Кононец Дмитрий Викторович салтанат иелерін құттықтады, жақсы ниет, тілектер айтты, атта-аналар көңіл жібітетін, әскерлі, жүрекке жылы тиетін алғыс сөздер жолдады. Мектеп бітірушілер педагогтары мен мектеп әкімшілігіне аянбай еңбек еткендері үшін алғыстарын айтты; қоштасу өлеңдерін айтып, шыр айналып вальс биін биледі. Осыдан соң 11 сынып оқушысы Касьянов Никита және бірінші сынып оқушысы Сластухина Милана ақырғы қоңырауды соқты. Іс-шараның соңында мектеп бітірушілер Аллеясына лента тағылды, армандары орындалсын деген тілекпен пөкке шарлар аттанды. Ақырғы қоңырау мектеп бітірушілерінің есінде мәңгілік қалады.
Ковалёва Ю.А.