20 қараша «Гүлдер» шағын- орталығында Щучье қаласының № 4 орта мектебінде «Қос жұлдыз» атты шығармашылық сайысы өтті. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтары мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен іске асты.
Бұл сайысқа Успеноюрьевка орта мектебінің «Шағала» шағын орталығының тәрбиешісі Амринова Гүлнар Нұртайқызы мен тәрбиеленушісі Владимирова Виктория қатысты.
Сайыс бағдарламасы төрт кезеңде өткізілді.
Барлығының көңіл күйлері шаттыққа бөленді. Олар көп нәрсе көріп, көңілге тоқыды.
Сайыстың аяғында біздің қатысушыларымыз мақтау қағаздарымен марапатталды, ескерткіш сыйлықтар алды.
«Шағала» шағын-орталығының
меңгерушісі Ерошенко Е.С.