17 қаңтарда география, физика, жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің онкүндігі аясында 5 және 6 сынып оқушылары арасында мектептен тыс Эрудицион іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, оқушылардың пән бойынша білімдерін тереңдету, оқушылардың ойлау және танымдық іс-әрекеттерін жандандыру, табиғи пәндерге қызығушылықтарын дамыту.
Балалар 3 командаға бөлінді: Айдаһарлар, Вирустар және Крутышки. Іс-шара көңілді және қызықты өтті. Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Іс – шараны өткізу нәтижелері бойынша мынадай нәтижелер: 1 орын – Крутышки командасы, 2 орын – Айдаһарлар командасы, 3 орын-Вирустар командасы.
ӘБ басшысы: Горовая Н.В.