Текст
24 мамыр күні «Бастауыш мектебім, қош бол!» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Мектеп бітірушілер сынып жетекшілері мен Білім сатысымен көтерілді. Сүйікті мектебінің, екінші үйінің ережесі бойынша тату-тәтті, достық, ынтымақтастықта өмір сүруді үйренді. Міне енді туған бастауыш мектебімен қоштасуда және бесінші сыныпқа көшті. Мереке барысында ізгілік сөздер айтылды.
Оқушыларға бастауыш мектепті бітіргенін растайтын құжат тапсырылды, ал ата-аналарына алғыс хат берілді.
Мереке естен кетпейтін әсер қалдырды.
Сынып жетекшісі Чабак К.В.