" Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Успеноюрьевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Успеноюрьевка отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында 7–11 сынып оқушылары арасында шығарма жазу

 
 
20 қарашада мектебімізде оқушылардың құқықтық мәдениетін және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған іс-шара өтті. «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында 7–11 сынып оқушылары алдын ала дайындалған мәтін бойынша шығарма жазды.
 
Оқушылар жұмысты орындау барысында зейін мен жауапкершілік танытып, тақырыпқа қызығушылық білдірді. Шығарма жазу әр қатысушыға заңды сақтау, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік туралы ойлануға мүмкіндік берді.
 
Іс-шара нәтижесі бойынша ең үздік жұмыстар мектеп сайтына жарияланады. Олар:
•Скопцова Эльвира 9 - сынып 
•Гришина Арина 9 - сынып
•Шашкенова Диана 7 - сынып
•Каспиева Шанель 11 - сынып
•Бойко Милана 10 - сынып
 
Бұл оқушылар мәтінді өздігінен түсіну және мазмұнын жеткізу қабілеттерін көрсетті. Іс-шара тыныш, жұмыс атмосферасында өтті және оқушылардың жазбаша мәдениетін дамытуға септігін тигізді.
Курмангожина Н.С.

Текст