Текст
2023 жылдың 6 ақпанында мектепте қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы өтті. Жиында 8 сынып оқушылары ұлы дала мен бай қазақ тіліне арналған өлеңдерін айтып берді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құрманғожина Н.С. оқушылар мен педагогтарды пәндік апталықтың іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Апталықтың ашылуы Павленко Виталийдың орындауындағы қазақ күйінің дыбысымен аяқталды.
Курмангожина Н.С.