Успеноюрьевка орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шара барысында оқушыларды қазақтың данышпаны, ағартушы-ұстазы Абайдың еңбегімен таныстырып, шығармаларынан үзінді оқылды.
1.Жоспар бойынша «кәміл адамды өзекті, басты проблема етіп қарадық.
2. Қазақтың музыка өнеріне тоқталдық.
3. Абайдың өлеңдері: Сөз өнері, оқу-ғылым, табиғат лирикасы, әлеуметтік мәселелерге тоқтадық.
4. Поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзімнің әңгімесі».
5. Аудармалары: А.С. Пушкинның «Евгений Онегин» романы;
М.Ю. Лермонтовтың «Бородино», «Демон» шығармалары;
Иван Андреевич Крыловтың мысалдарына тоқтадық.
6. Қара сөздері – Слова назидания- жаңа жанр.
7. Ахмет Байтұрсыновтың Абайды дәріптеуі.
8. 9-сынып оқушысы Комарова Елена-Абай Құнанбайұлы- қазақ халқының ұлы ақыны туралы мәлімет берді.
9.9-сынып оқушысы Касьянов Никита Абайдың «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы... еңбегін елге паш етті.