Текст
Бүгін "Күншуақ" онлайн алаңының 2 маусымы ашылды.
Таңертеңгілік көңілді жаттығудан кейін балалар шығармашылық шеберханамен айналысты. Олар "Біздің отбасымыздың бір күні" фотожобасын дайындады. Содан кейін балалар отбасылық құндылықтар туралы видеоролик көрді . Оларға өз отбасылары туралы айтып беру ұсынылды. Балалар ең қызықты оқиғалармен бөлісті, отбасылық дәстүрлер мен отбасындағы өзара қарым-қатынас туралы айтты . Күн қызықты және көңілді өтті.