Текст
4 сәуір «Шағала» шағын-орталығының тәрбиешілері өз топтарында «Құстар күні» тақырыбында жаппай көңіл көтеру күнін өткізді. Сол күні ата-аналарының қөмегімен жасаған құс үйшектерін алып келді.
Сәуірдің басында әлем тұрғындары «Құстар күні» атап өтеді. Іс-шара құстар үндерінен басталды, жұмбақтар шешілді, құстар туралы ырым, жорамалдар айтылды, ойындар ойналды, құстар жәрмеңкесінде болып, әр құстың өз ерекшелігі мен әнін тыңдап, қай құс екенін айырды. Балалар қолынан бірде-бір құс жәбір көрмейтіне сенеміз. Бірде-бір құстың ұясы толқандалмайды!
Бұл іс-шара бала жүрегіне мейірімділік ұялатты деп сенеміз. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.