08.06.2020. «Есірген қолдар күні».
Бұл күн «Өзім істей алам-басқаны да үйретем» мастер-классқа арналды. Күн сергектік жаттығулармен басталды. Физминуткадан соң кітаптарын алмастырып, өз ойларымен бөлісті, алған әсерлері турады пікір айтты, сонан –соң шығармашылық жұмыспен айналысты. Олар өз пікірлерін әр бағытта көрсетті: салаттар жасады,қағаздан көбелектер жасау шеберліктерін көрсетті. Бұл күн көңілді, үлгі боларлықтай тәлім берген күн болды.
09.06.2020 «Саяхаттау күні болды».
Балаларды әлем музейлері «Музей калейдоскопы» күтіп тұрды және виртуалды турлар өткізілді «Арғы, көне заман қалаларында саяхат жасады».
Күн әдеттегідей жатттығу жасаумен басталды. Осыдан соң балалар шығармашылық зертханасында жұмыс жасады. Олар пластикалық бөтелкеден теңіз тақырыбында кеме,қайық түрлері мен ұсақ-түйек заттар жасады. Ал музыка сабағында достық тақырыбындағы өлеңдерді айтты. Жұмыс күнінің аяғында оқушылар бір-бірімен қызықты, есте қалған, әсер еткен дуние туралы пікір алысты, әсіресі қызықты виртуалды саяхат бала жүрегін толқытты, керемет әсер қалдырды. Күн қызықты өтті.
10.06.2020 «Өлке тану күні».
Бұл күн жалынды, албырт бой жазумен басталды. Осыдан соң шығармашылық шеберханада балалар көне заттарға жаңа өмір сыйлады. Олар йогурттың стақандары, көне тақтайлар мен мақта таяқшалары спонжик және басқа заттарды қолдана отырып бұл заттарға жаңа өмір сыйлады. Осыдан соң онлайн-ойыны басталды.
«Озық штурман» ойнында балалар Бурабай өңірінің қонақжайлы жерлерін паш етті, адам баласын әсем көркімен баурайтын өлке табиғатты: жұпар аңқыған қарағай, қайыңы, тау-тасы, жанға шипа сыйлайтын өзен-көлі, қайталанбас пейзажы, арқар елігі Қазақстанның ең керемет інжуі.
Бұл күн шығармашылыққа толы өтті.
Тәрбиешісі: Н. Савченко, Е. Ерошенко.