2026 жылғы 6 шілде (дүйсенбі) – Дене шынықтыру-сауықтыру бағыты
Күн «Кім жылдам?» спорттық эстафеталарымен басталды. Музыкалық сағат барысында балалар ән орындап, музыкалық ойындарға қатысты. «Шығармашылық шеберханада» әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасап, шығармашылық қабілеттерін жетілдірді.
2026 жылғы 7 шілде (сейсенбі) – Азаматтық-патриоттық бағыт
«Меңдуананың зияны» тақырыбындағы әңгімеде балалар улы өсімдіктер мен қауіпсіздік ережелері туралы мағлұмат алды. «Өрнекті қайтала» жаттығуы есте сақтау қабілеті мен зейінді дамытуға бағытталды. «Тарих сақшылары» квест-ойынында туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне қатысты тапсырмалар орындалды. Таза ауадағы қимылды ойындар ұйымдастырылып, «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері» ойыны арқылы жол қауіпсіздігі бойынша білімдері бекітілді.
2026 жылғы 8 шілде (сәрсенбі) – Технологиялық-инновациялық бағыт
Балалардың денсаулық жағдайын бақылаудан кейін «Өнертабыстардың қызықты тарихы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Тақырыптық экскурсия ұйымдастырылып, балалар қоршаған орта ерекшеліктерімен танысты. «Менің өнертабысым» шеберлік сағатында өз жобаларын таныстырды. Спорт сағатында эстафеталар мен қимылды ойындар өткізілді. Күн «Ертегіні тап» викторинасымен аяқталды.
2026 жылғы 9 шілде (бейсенбі) – Экономикалық бағыт
Қауіпсіздік минутында вирустық аурулардың алдын алу мәселелері қарастырылды. Серуен кезінде балалар белсенді ойындарға қатысты. «Жас кәсіпкер» ойын бағдарламасы қаржылық сауаттылық негіздерін меңгертуге бағытталды. «Ребусты шеш» тапсырмасы логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Тақырыптық квест пен «Спорттық плакат» шығармашылық байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
2026 жылғы 10 шілде (жұма) – Шығармашылық бағыт
Қорытынды күн балалардың денсаулық жағдайын бақылаудан басталды. «Шығармашылық сағаты» барысында естелік бұйымдар дайындалды. «Достық соқпағы» серуенінде достық пен өзара көмек тақырыбында ойындар мен әңгімелер ұйымдастырылды. Ауысым қоштасу флешмобымен аяқталды. «Арманымды бейнелеймін» шығармашылық тапсырмасында балалар өз армандары мен болашаққа деген жоспарларын сурет арқылы көрсетті. «Мамандықты тап» ойыны арқылы әртүрлі мамандықтар туралы білімдері кеңейтілді.
Қорытынды:
«Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы алаңының жұмысы жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, барлық іс-шаралар толық көлемде өткізілді. Іс-шаралар тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, танымдық белсенділіктерін арттыруға және жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыруға бағытталды.
Горовая Н.В.




