«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 19 сәуір күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Сирек кездесетін мамандықтар әліппесі» атты бәсекелестік бағытында іс-шара өткізілді.
Іс- шара әр алуа түрлі мамандықтармен танысу, мамандық таңдау негізі туралы мәлімет беру, мамандық еңбегінің әлемінен хабардар ету; оқушылардың шығармашылық потенциялды мүмкіндігін ашу, мамандық таңдау диагностикасына дайын болуын қамту. Таныстар арасында аз кездесетін мамандықтарды іздестіру. Керекті мамандықтарды дайындайтын оқу орындары туралы мәлімет жинастыру.Таңдаған мамандыққа қойылатын талаптармен танысу.
Балалар викторина мен түрлі ойындарға қатысып, өз беттерімен «Мамандық әлемі» тақырыбында презентация дайындады. Іс-шараның соңында «Кім, кім болып істейді?» атты сайысты мектеп психологі Павленко О. А. өткізіп, аяғында мамандық таңдау диагностикасын іске асырды. Мамандықты дұрыс таңдау- жеке тұлғаның мамандық және әлеуметтік өсінің шарты. Егер адам өз мамандығын сүйетін болса, еңбек бақытына бөленеді, еңбек барысында өзінің ең жақсы қабілетін, мінезінің ең нәзік сезімін айқындайды, білім, біліктілігін ұштайды, міне осындай жағдайда адам өзін ең бақытты екенін сезінеді.
Ұлттың бәсекелестік қабілеті әр адамның бәсекеге қабілеттілігінен пайда болады. Жеке тұлғаның өсуі- жалпы қоғамның өсу қабілетін қалыптастырады. Заманауи ашық әлемде адам бәсекелестік өрісінде, еңбек рыногінің барлық өрісінде өз орнын табуы ықтимал.
А.Самусенко