11-нен 15 қазан 2021жылы аралығында 1-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары Халықаралық қыздар күніне арналды «Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда!» атты іс-шара өтті.
Бастауыш сыныптарда сынып жетекшілері балаларды жеке гигиенаның ережелерімен және күн тәртібімен таныстырып өтті. Оқушылар баяндаманы өз түсініктері бойынша қызу талқылады, кроссвордтар,жұмбақтар мен ребустардың шешімін қызу талқыға салды.
Орта буын сыныптарында «Халақаралық қыздар күні» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Оқушылар «Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда» атты видеороликті көріп шықты.
Жоғарғы сынып оқушылары «Қыз – бойжеткен - әйел» презентацияны тамашалады. «Салауатты өмір сүру салтын ұстаймын ба?» атты сауалнамаға қатысты.
Мектептің метбикесі Муканова Н.К мен мектеп психологі Павленко О.А жоғарғы сынып қыздарымен жыныстық жетілу және психологиялық трениг «Қыздар өз арамызда» атты әңгіме - кеңес өткізді.
Сынып жетекшісі: Павленко О.А , Ковалева Ю.А , Курмангожина Н.С