«Шағала» шағын орталығында «Рухани Жаңғыру» аясында «Айналамыздағы әлем» атты плакаттар мен суреттер сайысын өткізді.
Іс-шара командалардың сәлемдесуінен басталды.
Командалар бірінші турда табиғатта жүру ережесі туралы мәлімет берді. Балалар түрлі сайысқа қатысты. «Мақал-мәтелдерді аяқта», «Фотосұрақ», «Суретті құрастыр», «Жұмбақ білгіштер», «Төртінші артық».
Тәрбиеші Амринова Г.Н. қызықты фактілерді баяндады мысалы: ақ қайын 200-300 жыл өмір сүреді, аққулар балапандарын жауын, бұлыңғыр күндері шығарады. Балалар ден қойып тыңдады.
Іс-шараның қорытындысында ұжеле балалары «Айналамыздағы әлем» атты аппликация жасады.
Шағын орталықтың меңгерушісі Ерошенко Е.С.