Успеноюрьевка орта мектебінде23 мамыр күні бастауыш сынаптарда «Қазыналы ауыл» тақырыбында іс-шара өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша туған өлке тарихынан аңыздар мен түрлі әңгімелер айтылды. Оның мақсаты: отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлке тарихын баян ету, мадақтау, осындай,қойнауы тарихққа толы мекеніміздің тарихын елге паш ету. Сынып сағатының басында Чабак К.В. туған мекеніміз Бурабайдың:!Ұш қыз», «Жеке Батыр», «Қалмақ қызы туралы аңызды», «Оқжетпес», «Бура туралы аңыз», «Кенесары үңгірі» туралы оқушыларға мәлімет берді. Туған өлке фото-суреттерін тамашалап, туған өлке туралы кітаптарды көріп, риза болды. Аяғында рефлексия «Туған өлкеме не тілеймін» деген қорытындымен аяқтады.
Бастауыш сынып мұғалімі К.Чабак