25-нен 29 қазан 2021 жылы мектепте жаратылыстану, география мен химия пәндерінің апталығы өткізілді. Іс-шараға 1-11 сынып оқушылары тегіс қатысты. Өткізілген іс-шаралардың мақсаты-оқып жатқан пәндерге деген қызығушылығын арттыру, сүйіспеншілік пен туған табиғатты сақтау.
Пән апталығы интеллектуалды жарыспен басталды, химия пәнінен «Химия әлемінің жұмбағы» атты іс-шара 9,11 сыныптар арасында өтті.
8 сыныпта «Химия элементтер әлеміне саяхат» атты ойын өткізілді.
1-11 оқушылары арасында «Ребустар күні» атты сайыс өтті. Балалар ребустар мен жұмбақтарды шешті.
29.10. 2021 жылы 5 сыныпта жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өтті. Нәсілдің қалыптасу нышаны. Нәсілдік теңдік. Оқушылар сабаққа жігерлене кірісті. Сабақ мақсатына жетті.
Аптаның аяғында іс-шараның қорытындысы шығарылды.
Ковалева Ю.А.