" Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Успеноюрьевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Успеноюрьевка отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заманауи Қазақстан. Елбасының жетекші сабағы»

     29 қараша 2019 жылы Успеноюрьевка орта мектебінде 5,6,7сыныптарда «Заманауи Қазақстан. Елбасының жетекші сабағы» аясында «Лидердің жолы» атты сынып сағаттары бірінші Президент күніне арналған. Осы іс-шаранің мақсаты: патриоттық сезім қалыптастыру және оқушылардың білімге деген талпынысын өсіру, оқушылардың адами сапасын ұлт Лидерінің өмір жолын мысал ету арқылы іске асыру көзделді. Ұлтымыздың Лидері Н. Назарбаев, жетістікке жету мақсатының жолын көрсетті, еңбекке баулу Елбасының еңбек жолымен таныстыру арқылы іске асыру көзделген.

     Сынып сағаты Бірінші Президентіміздің мерекелік күні туралы қысқаша мәлімет берді. «Қазақстанның тәуелсіздігін қалай қабылдағаны» жайлы видеоролик көрсетілді. Содан соң оқушылар 5 топқа бөлініп  жұмыс бастап кетті. Әрбір топ Н.А.Назарбаевтің еңбек жолымен, балалық шағынан бастап, қазіргі заман жетістіктеріне тоқтады. Осыдан кейін әр топтың спикерлері қалған топтарды Елбасының өмір жолымен таныстырды. Жұмыс барысы кезінде туындаған сұрақтарға жауап беріліп отырды, президентіміздің өмірінде болған қызықты жағдайларды талқылады.

     Іс-шара жемісті өтті. Назарбаевтің өмірбаянынан оқушылар қызықты фактілерді кездестірді, оның еңбекқорлығы, қойған мақсатты орындаған кездегі қайсарлығы, Елбасының өмірі біздің оқушыларымыздың өмірге қалыптасуына, Отанына қажет азамат болуына әсер етеді деп үміттенеміз.

7 сыныптың сынып жетекшісі Савченко Н.В.


Текст