8 сәуір күні «Шағала» шағын орталығының тәрбиешілері топтарында «Адамға от жолдас, бірақ жайданөжай тиме» аттыкөңілді уақыт өткізді.
Үлкендердің мақсаты әрбір балаға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерімен таныстыру. Осы бағыт бойынша жұмыс жүргізу өмір талабы, бұл өрт қауіпсіздігінің алдын алу, өрт қауіпсіздігінің ережесін меңгерулерінің негізгі ұғымын меңгертеді, білім негізін салады, қауіпсіз жағдайда өзін-өзі құтқару амалын табуға, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі деп сенеміз.
Іс-шараөрттен қорғану тәртібі баяндалған фильмді көрсетуден бастау алды.
Балалар тақырып бойынша тақпақ атты, ойын ойнады, жұмбақтар шешті, өз ойларымен бөлісті, қорытындысында: отпен ойнау қауіпті екенін, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау өмір заңы екенін түсінді деген ойда қалдық.
Шағын орталықтың
меңгерушісі Ерошенко Е.С.