11 маусым 2019 жылы Успеноюрьевка орта мектебінде 9 сынып оқушыларының салтанатты мектеп бітірушілер кеші өтті. Мектеп директоры Кононец Д.В. пен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шипилова Е.В. мектеп бітірушілерді құттықтап, жалынды лебіздерін білдірді, негізгі орта білімді айғақтайтын аттестаттарын қолдарына ұстатты. Салтанатты түрде қолына ұстатты. Мектеп бітірушілер үлкен дайындықпен келіпті, ән, тақпақтар айтып, неше түрлі сахналық көріністер көрсетіп, оқытқан ұстаздарына алғыстарын аяған жоқ. Ата-аналарының берген тәрбиелері, қамқорлықтары мен аналық махабаттары үшін шексіз алғыстарын білдірді.
Ата-аналар да құрқол келмей музыкалық сыйлықтар дайындап, өз өнерлерін паш етті. Ән айтылды. Кеш өз мәресіне жетті.
Салтанатты бөлімнен кейін оқушылар жақсы тілек жазылған шарларын көкке ұшыру рәсімімен аяқтады.
Аға тәлімгер: А. Самусенко