Күн суытты,екінші тоқсанның ортасына да жеттік, ал көңіл бір ерекше жалынды, жарқын жақсылықты тілейтіндей. Міне, 28 қараша Успеноюрьевка орта мектебіне «Феерия» циркі келді. Мектеп залына мектептің барлық оқушылары мен «Шағала» шағын орталығының
бөбектері тәрбиеленушілері тегіс жиналды. Бұндай қызықтан ересектер де құр қалған жоқ: мұғалімдер, балалардың ата-аналары, әжелер де келді.
Бағдарламаны сиқырлы клоун, күлдіргіш, шайқымазақтар ашты. Олар күлкілі түр-келпеттері мен әзіл, қалжыңды қылықтарымен залға қуанышты, жарқын шапағат төккендей әсер берді. Балалар, әсіресе кішкентай балалар үйретіліп,жаттыққан кептерлерді, сәнді егеуқұйрық, мұжыма тышқандар мен маймыл, жыландарды көргенде қуаныштарында шек болған жоқ. Түрлі трюктер жасайтын фокусшы, жонглерлео мен
йога-факиралардың көрсеткен өнерлері кем де кем қалған жоқ.
Кейбір сайысқа балалардың өздері қатысуға мүмкіндік алғандары ерекше әсер қалдырды. Цирк аяқталғаннан соң балалар фокусшы мен ұнаған аң-құстармен суретке түсті.