Текст
Қарашаның 13 -нен 17-сі аралығында «Шағала» шағын орталығында халықтың ауыз әдебиеті шығармашылығының орталығы өтті. Әрбір таң ертегіден басталады. Халық ертегілері бағалы бір өнерді, өнегені қалыптастырады . Мысалы: қыздар сұлу, өте көрікті, ақылды, өнерлі, өнегелі, қолынан келмейтіні жоқ, ал ұлдар болса шетінен мейірбан, мейірімді, ізгі, қайырымды, батыл, батыр, адал, отанын шексіз сүйетін азаматтар. Бала мен ертегі қатар жүреді. Балалар ертегінің кейіпкерінің рөлін орындайды, тілін дамытады, мақал- мәтелдерді орынды қолдануды меңгереді. Ауыз әдебиеті баланың өмірінде ерекше орын алады, мәдениетін қалыптастырады, тілін дамытады.