29 қыркүйекте Успеноюрьевка орта мектебінің педагогтар құрамы таңғаларлықтай жайға бөленді: мектеп фойесі плакаттар мен шарлармен безендірілген, басқыштар ең жақсы, көркем сөзді тілектермен құлпырып, көздің жауын алды,өзін-өзі басқару күні жарияланды, содан соң мерекелі концерт 1-10 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Бұл концертке педагогтар еңбегінің ардагерлері де шақырылды.
10 сынып оқушысы Салимжанов И.С. сол күні мектеп директорының міндетін атқарғандықтан барлық ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мақтау қағаздарын берді. Концерттен кейін мектеп ұжымы әдеттегі шай ішу рәсіміне шақырылды,ал кәсіподақ комитеті еңбек ардагерлеріне сыйлық таратты.