Текст
11 қыркүйекте біздің Успеноюрьев орта мектебімізде Тілдер Онкүндігі салтанатты сап түзумен ашылды.Қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде Тілдер
Онкүндігінің басталуы жарияланды.
Ондағы ӘБ жетекшісі Л.М.Әлимғожина барлық мұғалімдер мен оқушыларды бұл мерекемен шын жүректен өлең жолдарымен құттықтады. Ал мұғалім Зинова О.Г. бұл мереке күні туралы қосымша мәліметтермен бөлісті.Содан кейін оқушылар арасында ойын түрде шағын викторина өткізілді.
Соңында барлығы Онкүндік жоспарымен таныстырылды.