2 қыркүйек 2017 жылы Успеноюрьевка орта мектебінде «Білім күніне» арналған салтанатты сапқа тұру рәсімі өтті. Бірінші болып сөз кезегін
«RG gold» міндеті шектеулі серіктестік компаниясының төрағасы Герасько С. Н. алды. Ол оқушыларды басталған жаңа оқу жылымен құттықтады. Келесі сөзді мектеп директоры Кононец Д. В. алды, құттықтау рәсімінен соң Қазақстан Республикасының әскери формадағы кросс чемпионатының жіңімпаздары Исламбеков А. 1, 2, 2 орын үшін медаль, Салимжанов И. 3,3 орын үшін медальмен марапатталды.
Бірінші сынып оқушыларының қойылымынан кейін жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. Сыныптардың барлық оқушылары кабинеттерінде өткен сынып сағаттарына қатысты.
ЖШС«RG gold» өкілдері қаражаттары жетіспейтін отбастары мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға оқу құралдарынан тұратын сыйлық таратты.