9 қыркүйек 2017жылы Успеноюрьевка орта мектебінде Денсаулық күні өтті. Әр сынып бір команда болып капитанын тағайындап, командасына ат қойып, ұран ойлап тапты. Мектеп директоры Кононец Д. В. құттықтау сөз айтып, жылы шырай таныттып, сәттілік тілеп, спортта жетістіктің шыңына шығуларына тілектестік білдірді. Содан соң әр сынып спорттық тақырыптағы көрілімдерін көрсетті. Сейсен К. С. іс-шараның жоспарымен таныстырып өтті. Оқушылар 60 м.,100 м.,800 м.,1500 м. қашықтыққа жүгірді; бір орыннан үзындаққа секірді; биік көлденең салманы ұстап бір жоғары, бір төмен түсіп созылу және жатып кеудені көтеру жаттығуларын орындады. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Көңілді старт» ойындары ұйымдастырылды.
Жарыстың аяғында салтанатты сапқа тұру линейкасында жеңіске жеткендер мақтау қағаздарымен марапатталды.