Текст
Біздің мектебіміз, соның ішінде 9 сынып оқушылары, өздерінің сыныптас досы Темирханов Исмаилдың «Айбын» облыстық жарыста жеңімпаз аталғанын мақтан тұтады. Үш күнге созылған күш сынасу, ептілік
мен ысылғандықты, жылдамдық пен тәсілқойлықты көрсетті.
Жеңіс нәтижесі бізді қуанышқа бөледі, қуанышымызда шек жоқ. Исмаил Ақмола облысы бойынша
жүлделі I – орынға ие болды, мектебінің мәртебесін көкке көтерді.
Исмаилға келесі республикалық жарыстарда жоғары деңгейді бағындырып, жеңістен жеңіске
жете беруіне тілектестік білдіреміз.