" Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Успеноюрьевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Успеноюрьевка отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.03.2017

Жаңа біліктілікті қарым-қатынасты қалыптастырудың ең бір ұтымды ықпалының бір түрі-пәндер апталығын жүргізу әдісі.

 Мектеп пәндеріне деген қызығушылығын  арттыру және оқушылардың оқуға деген мотивациясын көтеру мақсатында бастауыш сыныптарда ақпанның 20-нан 25.2017 жыл аралығында пәндер апталығы өтті.

Негізгі мақсат- оқушылардың пәнгедеген қызығушылығын арттыру, біліктілік белсенділігін  қалыптастыру, ой өрісін кеңейтуіне әсер ету.

Апталықты өткізу мақсаты:

·       Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, соған

тәрбиелеу.

·       Пәнді оқыту сапасын көтеру.

·       Оқушылардың біліктілік қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту.

Пәндер апталығының міндеті, мақсаты:

1.     Әр оқушының сапалы білім алуына орайлы жағдай жасау, оның жеке қабілетіне, алғырлығына,бейімділігіне, мәдени  біліктілік мұқтаждығын қамтамасыз ету.

2.     Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын,жігерін арттыру.

3.     Пәндер апталығының оқушылардың оқу пәндеріне деген қызығушылығын дамыту әсері мен ықпал бағасы.

4.     Оқушы мен оқытушының өз шығармашылық дарынын, мүмкіндігін, ұйымдастырушылық қабілетін ашуға көмегі.

5.     Мерекелік, шығармашылық атмосфера тудыру, құру.

Пәндер апталығын өткізу принципі- әрбір оқушы күнделікті іс-шараның белсенді қатысушысы.

 Ол алуан түрлі іс-шарада өз күші мен қабілетін байқай алады, мысалы: жазуда- шығармашылық қабілетін, өнерде- шеберлігін, есеп шығарғанда- ой ұшқырлығын, тығырыққа кездескенде- қиялдау қабілетін көрсетеді, тапқырлығын ұштайды, ой қиялын ұсынады, іске асырады, сурет салады, жұмбақты ойды шешеді, өз ойын немесе дайын мәселенің шешімін табады.

 Іс -шараның жоспары жасалды, талқыланды және бекітілді. Жоспар құруға бастауыш сыныптардың мұғалімдері тегіс қатысты.

 Пәндер апталығының бағдарламасы оқыту ісінің алуан түрлі әдістері мен формаларын қолданды. Оқушылардың ойлау қабілітін белсенді түрде қамту мақсатында түрлі сайыстар, викториналар, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс- шараларөткізілді.

Пән апталығы оқушылардың шығармашылық потенциалын ашуға әсер етті.

Пән апталығында барлық ұстаздар өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті, шығармашылық атмосфера құра білді. Оқушылар түрлі ситуация барысында білім,  біліктіліктерін көрсете білді, бірін- бірі құтқара, қолдай білді, қиын тығырықтан жол тауып шыға білді.

 20 ақпанда салтанатты  сапқа тұру линейкасы пәндер апталығының ашылуына арналды, оқушыларды апталықтың өту жоспарымен таныстырды.

21 ақпан – бұл күн халық шығармашылығына арналды «Ертегіде қонақта». Солкүні балалар бағдарлама сайысы «Менің сүйіпті кітабым» атты сайысқа қатысып, сүйікті ертегілерін айтты. Балалар түрлі авторлардың кітаптарынан әлемнің қызығымен танысып білім деңгейлерін көтерді «Менің жақсы көретін ертегім» атты суреттер көрмесі де көздің жауын алды.

22 ақпан «Біздің қолымыз зерігуді білмейді!» атты ұранмен балалар пластикалық бөтелкелерден түрлі- түсті әлеміш, ұсақ- түйектер жасады. Орыс тілінен олимпиада 2-4 сыныптар арасында өтті.

2 сыныптан 1 орын алды Мухин Радомир

3 сыныптан 2 орын алды Мухина Алиса мен Горлукович Алиса

4 сыныптан  1 орын алды Жипеева Мадина

23 ақпан «Шығармашылық» күні Қабырғагазетінен «Сана, ойлан,тап» атты сайыс өтті. Әр сынып өз газетін шығарды, ал балалар қызықты тапсырмалардың шешуін тапты, ребустың жауабын іздеді. Балалар «Алтын қаламұш» сайысында мектеп туралы өз тақпақтарын шығарды.

4сынып мүғалімі Савченко Н.В. орыс тілінен «Сан есімнің дұрыс жазылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

24 ақпан- «Ашық есік күні».

Мектепке дейінгі дайындық сыныбының тәрбиешісі Голукович И.Н. «Фигуралар»тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді. 3 сынып мұғалімі Чабак К.В. әлемтану пәнінен «Өсімдіктердің әр түрі» атты ашық сабақ берді. Екінші сынып мұғалімі Горовая Н.В. әдеби оқу сабағынан «Анам  не айтар еді?» тақырыбында ашық сабақ берді. Швецова А.А. әлемтану пәнінен «Зерттелмеген сүрлеу жол» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.

25 ақпан- Апталықтың жабылу салтанатында қорытынды жасалып, марапатталурәсімі өтті.

Қорытынды:

Пәндер апталығына белсенді қатысқандар: бастауыш сынып мұғалімдері, кітапханашылар,  оқушылар мен олардың ата-аналары. Апталық бағдарламасы оқыту әдістері мен формаларының түр –түрін қамтыды. Оқушылардың ойлау белсенділігін көтеру мақсатында конкурстар, викториналар, ашық  сабақтар мен сыныптантыс іс – шаралар  өткізілді.

Шығармашылық жұмыстар тұлғаны ұялшақтықтан  азат етеді, қоғам арасында іскерлікке бағыттайды, өмірде өз орнын табуға

сілтейді, адамға керек және пайдалы болуға тәрбиелеу біздің жұмысымыздың көздеген нысанасы, нәтижесі.

Просмотров: 1061


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст