" Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Успеноюрьевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Успеноюрьевка отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

02.03.2017

Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар,

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Күләш Ахметова

2017 жылдың 28 ақпан күні біздің мектеп қабырғасында «ЕХРО-2017»халықаралық көрмесіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған«Қуатты Қазақстан – баянды болашақ!» ұранымен «Ақмола жұлдыздары» атты аудандық халық шығармашылығы байқауы өткізілді.

Смотр бағдарламасы алуан түрлі болды. Біздің Республикамыздың көрікті де тамаша табиғатына, аспаны ашық, бейбітшіл Отанымызға арналған сан алуан – түрлі шығармашыл нөмірлері дайындалды. Оқушылар ұжымымен (хор) дайындалған «Қазақстан бақыты» және «Родина моя» әндері орындалды. Сонымен қатар «Шағала» шағын – орталығы тәрбиешілері де назардан тыс қалған емес, әдемі, сазды «Жаса, Қазақстан!» әнін ортаға салды. Байқау аяқталғаннан  кейін комиссия төрайымы Садвакасова Д.С. мен Бурабай білім бөлімінің әдіскері Федорова Т.П. өз жылы лебіздерін білдіріп оқушылар мен қатысушыларды марапаттау қағаздары мен дипломдармен марапаттады.

Бағдарламаны дайындаған және өткізген тәрбие ісінің орынбасары

Жұпар Ахметжанова.

Просмотров: 385


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст